Қазақ тілі сабағы
даярлық тобында.
Қазақ тілі мұғалімі:
Имбишева Жанар Рамазанқызы.
Білім беру саласы:
«Қатынас», «Таным», «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетінің түрі: Қазақ тілі
Тақырыбы: Қыс қызығы.
Мақсаты:Балалардың жыл
мезгілдері туралы білімдерін кеңейту, қыс туралы қазақша сипаттай білуге
үйрету, сөздік қорларын байыту, байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру, есте
сақтау қабілеттерін жетілдіру, сүйіспеншілікке, достық қарым-қатынасқа,
әсемдікке тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар:
суреттер, үлестірмелі суреттер, «Сиқырлы қалам» магнитті тақта, теледидар, диск
Сөздік жұмысы: Қыс
мезгілі, қар жауады, күн суық, аппақ, үлпілдек, жылтыр, шана, шаңғы,
сырғанаймыз, аққала.
Іс-әрекет кезеңдері |
Педагог іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Шаттық шеңбері сәлемдесу Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік. Қабақ түйген не керек? Көңілді болып жүрейк. |
Шеңберге тұрады Бірге қайталайды.
|
Ұйымдастыру- шылық- іздеңістік |
- Балалар мен жұмбақ жасырамын, кім шешімін табады екен Шанамен сырғанап желетін. Шаңғы, коньки тебетін. Аққала жасап ойнайтын, Қай мезгіл деп ойлайсың?
(қыс мезгілі) Сұрақ-жауап: - Дұрыс, қыс айларын атаңдар? - Қыс мезгілінің қай айы? - Аптаның қай күні Дыбыстық жаттығу: Ыс- ыс- ыс – келді қыс Ғы- ғы- ғы – шаңғы Ақ- ақ – ақ – аққала Қа –қа- қа – қар Ық- ық – ық – суық Жұмбақ шешу Қыста ғана болады Ұстасан қолын тонады. (Қар) Сіресіп тұр қатты-ақ. (Мұз) Күміс тұяқ тұлпарды, Ерттеп міндім тай қылып.( Коньки) Зулап түсті төменге, Шықпас менсіз төбеге. (Шана) Қыста – айна Көктемде – су. (Мұз) Сөздік жұмысы: Суреттерге назарын аудартып, сөздік жұмысын жүргізу: Қыс мезгілі, қар жауады, күн суық, аппақ, үлпілдек, жылтыр, шана, шаңғы, сырғанаймыз, аққала. Жаңылтпаш: Дала аппақ, Қар аппақ, Бәрі аппақ, Қар аппақ
Сергіту сәті: Қырау қатып жағаға, Аяз беттен өбеді. Бірі мініп шанаға, Бірі шаңғы тебеді.
Мәнерлеп оқу: Аппақ дала, аппақ қала, Аппақ, аппақ, айнала. Аппақ, аппақ – бәрі аппақ. Ақ қар аппақ, бор аппақ. Ақ бұлт, қырау, мақта аппақ, Ақ сүт, айран, қант та аппақ. Тіл дамыту: «Сиқырлы қалам» Қыста қар жауады. Күн суық.Адамдар жылы киінеді. Шана, шаңғы, коньки тебеді. Қардан аққала жасайды. Қар, аппақ, үлпілдек, суық, жылтыр, ақ күмістей жылтыр. «Сиқырлы қалам» арқылы жаңа сөздерді қайталайды. Сұрақ-жауап: - Қыста не жауады? - Қар қандай? - Қардан не жасаймыз? - Қандай қысқы ойындарды білесіңдер? - Адамдар қалай киінеді? «Қысқы киімдерді ата көрсет» -дидактикалық ойыны Балалар үлестірмелі суреттер арқылы киімдерді атайды. (тон, қолғап, құлақшын, пима, бөрік, күрте, етік) «Не артық?» - дидактикалық ойыны. Шана, шаңғы, коньки, доп. Қырау,қар, аяз, жаңбыр. Тон, пима, қолғап, көйлек. Сурет бойынша әңгіме құрау: Үлестірмелі суреттерді қоя отырып балалар «Қыс қызығы» атты коллаж, қыс туралы әңгіме құрастырады. «Аққала құрастыру» -дидактикалық ойыны. Қағаздан қию арқылы аққала жасау. Оның қандай пішіндерден тұратынын атап айту. |
Жұмбақтың шешімін табады.
Сұрақтарға жауап береді.
Тілдерін жаттықтырады
Жұмбақтың шешімін табады
Сөздік жұмысы
Қайталайды
Қайталап, қимылмен көрсетеді
Бірге оқиды
«Сиқырлы қалам» арқылы жаңа сөздерді қайталайды.
- Қыста қар жауады - Қар суық,аппақ,үлпілдек - Қардан аққала жасаймыз - Шана, шаңғы, коньки - Адамдар жылы киінеді Киімдер атауын еске түсіреді
Артық затты табады.
Қыс туралы әңгіме құрастырады
- Аққала үлкен және кіші дөнгелектерден тұрады. Ал мұрны үшбұрыш тәрізді |
Рефлексиялық- түзетушілік |
Шеңберге тұрып «Аққала» әңін айтқызу. Мадақтау. Сабақта алған әсерлерін, немен айналысқандарын сұрайды. |
Шеңберге тұрып әңді айтады. Не үйренгендерін айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: Қыс
мезгілін, қысқы ойындарды, қыс белгілерін ажырата алады.
Түсінігі: Сұраққа толық
жауап беру.
Көрсете білуі: «Қ», «Ғ»,
«Ң» дыбыстарын аңық, дұрыс айту.